Ризамын тағдырға
![]() ![]() |
![]() |
Тағдыр сені маған сый қып тартқанда,
Құйттай жүрек шіркін, дамыл тапқан ба.
Бірге барып бас иейік екеуміз,
Шолпан жұлдыз атып келе жатқанда.
Сендім саған,
Сенімімді құлатпа.
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа.
О тағдырым,шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа.
Басқа сыйлық сұрамаймын өмірден,
Адал жар бол сүйер мөлдір көңілмен
Білмейсің ғой сағынғанда мен сені,
Ұзақ түннің таңында әзер көз ілгем.
Сендім саған,
Сенімімді құлатпа.
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа.
О тағдырым, шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа.
Сенің көзің тұнық маған көл дейін,
Сол айдында аққуың боп көлбейін.
Менің мөлдір бұлағым-ау шәрбатты,
Сен қасымда болсаң неге шөлдейін.
Другие песни: